Categories Әлем

Зеленский Путинге соғысты тоқтатуды ұсынып, ашық хат жолдады

Сурет: Egemen Qazaqstan

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путинге ашық хат жолдап, Украинадағы соғысты тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Зеленский хатында Путинге жеке кездесу өткізіп, соғысты аяқтау мәселесін талқылау үшін нақты күн белгілеуді ұсынған. Оның айтуынша, қазіргі уақытта АҚШ-тың назары негізінен Таяу Шығыстағы жағдайға ауғандықтан, соғысты аяқтау жолдарын қарастыру қажет.

«Таңдау қазір сіздің қолыңызда. Соғысқа нүкте қоятын уақыт келді. Украина бұл соғысты аяқтауды ұсынады. Мұны адал әрі лайықты түрде жүзеге асырып, қақтығыстардың алдын алу керек», деп жазды Украина басшысы.

Зеленский майдан шебі дипломатиялық келіссөздердің бастау нүктесіне айналуға тиіс екенін айтып, Украина келіссөздер кезеңінде атысты уақытша тоқтатуға дайын екенін мәлімдеді. Сондай-ақ ол кездесуді өткізуге дайын елдердің қатарында Швейцария, Түркия және Араб елдері бар екенін атап өтті.

Украина президенті қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін келіссөздерге Америка Құрама Штаттары мен Еуропа елдерін тартуды ұсынды.

Ұқсас жазбалар

ІІМ: 2024 жылдың алты айында 7 тоннадан астам есірткі тәркіленді

ІІМ биылғы алты айда 7 тоннадан астам есірткі тәркіленгенін, 15 зертхана мен 6 қылмыстық топтың…

Қытайдағы қазақ дәрігер «1 шілде» орденімен марапатталды

Бейжіңде Қытай Коммунистік партиясының 105 жылдығына арналған салтанатты шарада қазақ дәрігер Оқас Сүлеймен «1 шілде»…

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тапты

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тауып, жеті адам хабарсыз кетті. Тасқын Аккра мен бірнеше…