Қазақ тазысын әлемге танытқан Тамаш Яккельге Тоқаев алғыс айтты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тазысын халықаралық деңгейде тануға үлес қосқан мажарстандық кинолог Тамаш Яккельге ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Кездесуде қазақы ит тұқымдарын сақтау және олардың генетикалық қорын тұрақтандыру мәселелері талқыланды. Тараптар халықаралық федерациямен бірлесіп жұмыс істеу перспективаларына тоқталды.

«Тамаш Яккель – қазақ тазысын әлемге танытуға зор еңбек сіңірген маман. Оның кәсіби көмегінің арқасында біз бұл тұқымды сақтап қана қоймай, халықаралық стандартқа сай етіп таныстыра алдық», – деді Президент.

Мажарстандық кинолог өз кезегінде қазақ тазысының бірегей қасиеттерін атап өтіп, оны әлемдік кинология қауымдастығына енгізу жұмыстары жалғасатынын жеткізді.

Ұқсас жазбалар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше заңға қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше заңға қол қойды, оның ішінде рақымшылық, атқарушылық іс жүргізу және қылмыстық…

Мемлекет басшысы Руанда президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Поль Кагаме мен руандалықтарды Руанда Республикасының ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Испанияда маусым айында аптап ыстықтан 1028 адам қайтыс болды

Испанияда маусым айында аптап ыстықтан 1028 адам көз жұмды. Бұл соңғы онжылдықтағы ең жоғары көрсеткіш.