Аида Балаева: Креативті экономика тек шабытпен ғана өспейді, жүйелі қолдау керек

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева креативті экономиканы дамыту үшін тек идея мен шабыт жеткіліксіз екенін айтты. Оның пікірінше, бұл салаға мемлекет тарапынан жүйелі қолдау қажет, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Министр Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Креативті индустрияларды дамыту қорының кеңсесіне барған сапарына тоқталды. Ол бұл қадам креативті сектордың институционалдық тұрғыдан қалыптасуында маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

«Креативті экономика тек шабыт пен идеяға ғана сүйеніп дами алмайды. Оған қаржылық, құқықтық және инфрақұрылымдық қолдау қажет. Мемлекет осы бағытта нақты шаралар қабылдауы тиіс», – деді Балаева.

Қазіргі таңда Қазақстанда креативті индустрияларды дамыту бойынша арнайы бағдарламалар әзірленуде. Министрлік жергілікті кәсіпкерлер мен шығармашыл топтарға қолдау көрсету жоспарын пысықтап жатыр.

Ұқсас жазбалар

Астанада «Таза Қазақстан – Таза Астана» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Астана күні қарсаңында елордада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған «Таза Қазақстан – Таза…

Мемлекет басшысы Қазақстан Халық Кеңесі туралы Жарлыққа қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа қол қойды.

ОБРАЩЕНИЕ Центральной избирательной комиссии

УВАЖАЕМЫЙ ИЗБИРАТЕЛЬ! 23 августа 2026 года впервые в истории Республики Казахстан состоятся выборы депутатов Курултая.…