Categories Әлем

Францияда Эбола вирусын жұқтырған алғашқы жағдай тіркелді

Сурет: Egemen Qazaqstan

Францияда Эбола вирусын жұқтырған алғашқы жағдай тіркелді. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, инфекция Конгоға гуманитарлық сапармен барып қайтқан дәрігерден анықталған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Науқас елге келген бойда бірден шара қабылданған. Ол ауруханаға жеткізілген. Қазір дәрігермен байланыста болуы мүмкін адамдар анықталып жатыр. Егер ондайлар табылса, олар үш аптаға үй карантиніне жіберіледі.

Конгодағы жағдайға келсек, мамыр айының ортасынан бері 1000-нан астам жұқтыру жағдайы тіркеліп, 254 адам қайтыс болған. Бұл эпидемияның алғашқы айындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі.

Эпидемияның негізгі ошағы Итури провинциясы. Бұл аймақта қарулы қақтығыстарға байланысты адамдардың жиі көшіп-қонуы дәрігерлердің жұмысын айтарлықтай қиындатып отыр.

Сондай-ақ, босқындар лагерлеріндегі жағдай ерекше алаңдатады. Онда адамдардың өте тығыз орналасуы инфекцияның тез таралуына себеп болып отыр.

Ұқсас жазбалар

ІІМ: 2024 жылдың алты айында 7 тоннадан астам есірткі тәркіленді

ІІМ биылғы алты айда 7 тоннадан астам есірткі тәркіленгенін, 15 зертхана мен 6 қылмыстық топтың…

Қытайдағы қазақ дәрігер «1 шілде» орденімен марапатталды

Бейжіңде Қытай Коммунистік партиясының 105 жылдығына арналған салтанатты шарада қазақ дәрігер Оқас Сүлеймен «1 шілде»…

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тапты

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тауып, жеті адам хабарсыз кетті. Тасқын Аккра мен бірнеше…