Тоқаев Қошановқа алғыс айтып, AMANAT-тың «Әділетке» қосылуын тарихи шешім деп бағалады

Сурет: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев AMANAT партиясының бұрынғы төрағасы Ерлан Қошановқа лауазымдағы абыройлы, нәтижелі және елге пайдалы еңбегі үшін алғыс білдірді. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі — Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров жазды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы партия мүшелерінің жақында өткен съезде жаңадан құрылған «Әділет» партиясына қосылу туралы қабылдаған тарихи шешіміне ризашылығын білдірді.

Президент елімізді жаңғырту, заң үстемдігі мен қоғамдық тәртіпке негізделген Әділетті Қазақстанды құру ісіне AMANAT партиясының елеулі үлес қосқанын атап өтті. Мемлекет басшысы отаншыл партия мүшелерінің «Әділет» партиясының қатарында да ел игілігі жолындағы белсенді әрі жемісті қызметін абыроймен жалғастыра беретініне сенім білдірді, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгін Елордада «Әділет» партиясының II Съезі өтті.

Ұқсас жазбалар

Қазақстан аумағы арқылы 13 ірі халықаралық көлік дәлізі өтеді

Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика саласы еліміздің ұзақмерзімді даму стратегиясындағы маңызды бағыттардың бірі екенін айтты.

Президент Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізіп, экономика мен саяси бағытты жаңа…

Астанада «Таза Қазақстан – Таза Астана» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Астана күні қарсаңында елордада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған «Таза Қазақстан – Таза…