Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Аптап ыстықтан кейін еліміздің солтүстік өңірлері аздап салқындайды. Қазақстан аумағына циклон ығысып, жаңбыр, найзағай, бұршақ, желдің екпінді күшеюі және шаңды дауылдар болжанған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің болжауынша, осыдан кейін көптен күткен салқын ауа райы орнайды. Еліміздің солтүстік және орталық өңірлерінде ауа температурасы қолайлы +23…+28 градус шамасында болады.

Дегенмен, барлық өңірлерде ыстықтың беті қайтпайды. Қазақстанның оңтүстік және шығыс аймақтарына Өзбекстан аумағынан құрғақ әрі жылы ауа массаларының келуі жалғасады. Соның әсерінен бұл өңірлерде ауа температурасы +33…+38 градусқа дейін сақталып, жекелеген аудандарда өте қатты ыстық +40 градусқа дейін жетеді.

Ұқсас жазбалар

Мемлекет басшысы Ислам даму банкінің президентімен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам даму банкінің президенті Мұхаммед Сулейман Әл-Джассермен кездесті.

Қазақстан аумағы арқылы 13 ірі халықаралық көлік дәлізі өтеді

Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика саласы еліміздің ұзақмерзімді даму стратегиясындағы маңызды бағыттардың бірі екенін айтты.

Президент Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізіп, экономика мен саяси бағытты жаңа…