Categories Жайық news

Ақтау әкімі Түркияның Бас консулымен кездесті

Ақтау әкімі Түркияның Бас консулымен кездесті,-деп хабарлайды Жайықмедиа.кз.

Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов бүгін Түркия Республикасының Ақтаудағы Бас консулы Сабри Альптекинмен ресми кездесу өткізді.

Әңгіме барысында тараптар Қазақстан мен Түркия арасындағы тарихи достық пен стратегиялық әріптестіктің қазіргі деңгейін жоғары бағалап, ынтымақтастықты одан әрі дамыту жолдарын талқылады. Әсіресе Ақтауда «Түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан мәдени іс-шаралардың маңызына тоқталып, екі ел арасындағы байланыстарды кеңейту мәселелеріне назар аударды.

«Құрметті Сабри мырза, өзіңізбен жүздескеніме қуаныштымын. Қазақстан мен Түркия арасындағы бауырластық қатынас сенімді серіктестікке ұласты. Алдағы қала күні мерекесіне арналған мәдени-спорттық іс-шаралардың құрметті қонағы ретінде шақырамыз», — деді қала әкімі Әбілқайыр Байпақов.

Өз кезегінде Сабри Альптекин жылы қабылдау үшін алғысын білдіріп, Ақтау қаласымен түрлі бағыттағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.

Кездесу соңында қос тарап ортақ жобалар мен бастамаларды ілгерілетуге уағдаласты. Шаһар басшысы Әбілқайыр Байпақов әкімдік тарапынан екіжақты әріптестікті дамытуға бағытталған кез келген бастамаларға толық қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Ұқсас жазбалар

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ: BATYS AGROHUB ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ – БАРЛЫҚ АУДАНҒА ҮЛГІ БОЛАРЛЫҚ БЕРЕКЕЛІ БАСТАМА

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Бөрлі ауданына жұмыс сапары аясында Пугачево ауылындағы агробизнес орталығына барды. Batys…

АҚСАЙ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Ақсай қаласында толық жаңғыртылған «Қазақстан» теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нариман…

БҚО-ДА СЕМИГЛАВЫЙ МАР СТАНЦИЯСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Батыс Қазақстан облысындағы ең көне вокзал ғимараты сүріліп, жаңадан салынды. Тасқала ауданындағы Семиглавый Мар станциясының…