Қазақстан Үкіметі Каспий теңізінің жай-күйін бақылау үшін мемлекеттік резервтен 1,1 миллиард теңге бөлді. Бұл қаражат ғылыми әлеуетті арттыру мақсатында Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институтына бағытталады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
Бөлінген қаржыға теңіз мониторингіне арналған заманауи жабдықтар сатып алынып, гидробиологиялық және гидрохимиялық зертханалар толық жарақтандырылады.
Осылайша институт су айдынына кешенді зерттеулер жүргізіп, оның гидрометеорологиялық және биологиялық параметрлерін үнемі қадағалап отыруға мүмкіндік алады.
Үкімет қаулысына сәйкес, қаражаттың мақсатты жұмсалуын Қаржы министрлігі қатаң бақылайды.
Фото: Әлеуметтік желіден

