Болашақ шағынауданында жол құрылысы қарқын алды

Түркістан облысындағы Болашақ шағынауданында жол салу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Қазіргі таңда мұнда 7 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде. Барлық көшелерде жолдың негізгі қабаты толық дайындалған, ал 2 көшеде асфальт жабындысын төсеу ісі басталып кетті.

Жалпы жөнделетін жолдардың ұзындығы 2 шақырым 400 метрді құрайды. Құрылыс жұмыстарын мердігер ұйымдар 15 қарашаға дейін толық аяқтауды жоспарлап отыр.

Болашақ шағынауданының инфрақұрылымы соңғы жылдары айтарлықтай жақсарып келеді. Бұған дейін мұнда ауызсу және электр желілері жаңартылып, көшелер жарықтандырылған болатын. Енді жолдардың жөнделуі аудан тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған тағы бір маңызды қадам болмақ.

Ұқсас жазбалар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Астана — егемен еліміздің жүрегі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана күніне арналған құттықтауында елорданы егемен еліміздің жүрегі деп атады.

Үлкен Алматы каналы кешенді реконструкциядан өтеді

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Алматы облысына жұмыс сапарымен барып, ірі су шаруашылығы…

Астана күнінде 60 қосымша автобус жолаушыларға қызмет көрсетеді

6 шілде күні Астанада өтетін Open Air концертінен кейін тұрғындар мен қала қонақтары үшін 60…