Categories Қаржы

Қашағанда қуаттылығы 2,5 млрд текше метр газ өңдеу зауыты салынады

Сурет: Энергетика министрлігі

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің төрағалығымен Қашаған кен орнында қуаттылығы жылына 2,5 млрд текше метр газ өңдеу зауытын салу жобасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта Қашаған кен орнында қуаттылығы жылына 1 млрд текше метр болатын газ өңдеу зауытының құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Кеңеске «QazaqGaz» ҰК» АҚ, «PSA» ЖШС, NCOC компаниясы акционерлерінің басшылығы, сондай-ақ жобаны іске асыруға қатысатын өзге де мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысты.

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Қашағандағы қуаттылығы 2,5 млрд текше метр болатын газ өңдеу зауытын салу жобасы нақты іске асыру кезеңіне өткенін атап өтті. Кеңес барысында жобаның ағымдағы жай-күйі, мүдделі тараптар арасындағы үйлестіру мәселелері, сондай-ақ нысанды белгіленген мерзімде пайдалануға беруді қамтамасыз етуге бағытталған шаралар талқыланды.

Министр газ өңдеу зауытын салу жобасының еліміздің газ саласын дамыту үшін стратегиялық маңызға ие екенін және Мемлекет басшысы мен Үкіметтің ерекше бақылауында тұрғанын атап өтті. Үкіметтің қаулысымен жобаның EPC-мердігері ретінде China National Chemical Engineering Sixth Construction Company Kazakhstan Branch және China Wuhuan Engineering Corporation Ltd компанияларынан құралған консорциум айқындалған.

Кеңес қорытындысы бойынша Ерлан Ақкенженов жобаға қатысушы барлық тараптарға жұмыстарды тиімді үйлестіруді және жобаны іске асыру мерзімдерін сақтау үшін сындарлы өзара іс-қимылды қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ «QazaqGaz» ҰК» АҚ-на жобаны іске асыру барысы, қабылданып жатқан шаралар және туындаған мәселелер туралы ақпаратты жедел түрде шешуге ықпал ету мақсатында Энергетика министрлігіне ай сайын ұсынып отыру тапсырылды.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда интернет-алаяқтардан зардап шеккендерге 4,8 млрд теңге қайтарылды

Қазақстанда интернет-алаяқтықпен күрес күшейтіліп, биылғы жылдың басынан бері тіркелген киберқылмыстар саны 7 пайызға төмендеді. Бұл…

Қазақстанда ипотека бойынша максималды мөлшерлеме өзгерді

Қазақстанда ипотекалық несиелер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті деңгейін есептеу тәртібі өзгерді. Енді ипотека…

Қазақстанға шетелден көлік әкелу және оны рәсімдеу тоқтатылды

Қазақстанда шетелден әкелінген жеңіл автокөліктерді кедендік рәсімдеуде қиындықтар туындады. Бұл мәселе 30 маусым күні кешкі…