Мәжіліс депутаты Ертаевқа берілген рақымшылықтың заңдылығын тексеруді талап етті

Мәжіліс депутаты Ертаевқа берілген рақымшылықтың заңдылығын тексеруді талап етті

Депутат Абзал Құспан 144 млрд теңгені жымқырғаны үшін сотталған банкир Жомарт Ертаевқа рақымшылық жасау туралы сот шешіміне күмән келтіріп, Бас прокуратураға ресми сауал жолдады.

Халық қалаулысының айтуынша, «Конституцияның 30 жылдығына байланысты рақымшылық туралы» заңның талаптары бұл жағдайға сай келмеуі мүмкін. «Заңға сәйкес рақымшылық тек залал келтірмегендерге, шығынды толық өтегендерге немесе азаматтық талап қойылмағандарға ғана берілуі тиіс. Ал Ертаевтың келтірген шығынының толық өтелмегені белгілі», – делінген депутаттың сауалында.

Осыған байланысты Құспан Бас прокуратурадан Алматы облысы Алатау қаласы сотының 2 қыркүйектегі қаулысына қатысты тексеріс жүргізуді сұрап, заң бұзушылық анықталған жағдайда наразылық енгізуді талап етті. Сонымен қатар, ол қоғамға бұл мәселе бойынша ашық ақпарат берілуі қажеттігін атап өтті.

Ұқсас жазбалар

Астанада есірткі сақтаған ер адам ұсталды: екі пәтерден 4 келі зат тәркіленді

Астанада полиция 35 жастағы ер адамды есірткі сақтады және таратты деген күдікпен ұстады. Оның екі…

16 облыста дауылды ескерту: қар, бұршақ, тұман күтіледі

23 мамырда Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды: қар, бұршақ және тұман күтіледі.

Астанада Тәуелсіздік даңғылы екі күнге жабылады: көлік жүргізушілерге ескерту

22-23 мамыр күндері Астанадағы Тәуелсіздік даңғылы жөндеу жұмысына байланысты жабылады. Көлік жүргізушілеріне айналма жолдарды пайдалану…