Categories Жайық news

Қазақстанда әскерге шақыру туралы жаңа жарлық шықты: кімдер міндетті?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылы Қазақстан азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыру және қызмет мерзімін өткергендерді запасқа шығару туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Құжатқа сәйкес, белгіленген қызмет мерзімін өтеген әскери қызметшілерді запасқа шығару екі кезеңде – наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсан айларында жүргізіледі. Дәл осы уақытта 18 бен 27 жас аралығындағы, әскерден босатылмаған немесе кейінге қалдыруға құқығы жоқ ер азаматтарды әскери қызметке кезекті шақыру өтеді.

Жаңадан шақырылғандар тек Қарулы Күштер қатарына ғана емес, сонымен қатар еліміздің басқа да күштік құрылымдарына – Ішкі істер министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Мемлекеттік күзет қызметінің бөлімшелеріне жіберіледі.

Әскерге шақыруды ұйымдастырумен жергілікті әкімдіктер айналысады. Ал Үкімет шақырылушыларды қызмет орнына жеткізуді және қызметін аяқтаған сарбаздардың үйлеріне оралуын қаржылық жағынан қамтамасыз етеді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

«Қауіпсіз балалық шақ» акциясы аясындағы профилактикалық жұмыстар жалғасуда

«Қауіпсіз балалық шақ» республикалық акциясы аясында Батыс Қазақстан облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы, Білім басқармасы…

Оралда «Хроникадан болашаққа» республикалық кинолекторийі басталды

Орал қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені ұйымдастырған «Хроникадан болашаққа» республикалық кинолекторийі өз жұмысын бастады. Президент…

Ақтау әуежайы жаңғыртудан кейін ірі ұшақтарды қабылдайды

Ақтау халықаралық әуежайы жаңғыртудан кейін ең ірі ұшақтарды қабылдайды. Жобаның екінші кезеңі жүргізілуде, перрондағы жұмыстардың…