Categories Жайық news

Қарағанды облысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады: ұшқыштар тірі

Қарағанды облысында жоспарлы оқу-жаттығу кезінде Су-30СМ әскери ұшағы құлады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Оқиға 25 ақпан күні болған. Экипаж мүшелері дер кезінде катапульта жасап үлгерген.

Ұшқыштардың өмірі мен денсаулығына еш қауіп жоқ. Қазір олар медицина мамандарының бақылауында.

«Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Тергеу нәтижелері бойынша құқықтық баға беріліп, тиісті процессуалдық шешім қабылданады», — делінген министрлік хабарламасында.

Ведомствоның хабарлауынша, ұшақ құлаған аудан қоршауға алынған. Тұрғындар мен инфрақұрылым нысандарына қауіп төнген жоқ.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Өңірдегі барлық білім ордасында соңғы қоңырау сыңғырлады  

«Мектебім, саған мың алғыс!». Бүгін өңірдегі барлық білім ордасында соңғы қоңырау сыңғырлады. №52 жалпы орта…

«AMANAT» БАСТАМАСЫ: С.МЕҢДЕШЕВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ЗАМАНАУИ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ БОЙ КӨТЕРДІ

Жаңақала ауданы Қырқопа ауылы С.Меңдешев ауылдық округіндегі мәдениет үйі бірнеше жыл бойы апаттық жағдайда жұмыс…

Арқалықта қыздың өліміне қатысты тергеу басталды: полиция мәлімдеді

Арқалықта қайтыс болған қызға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция тергеу жүргізіп жатыр.