Categories Жайық news

Үржардағы сұмдыққа қатысты тың дерек шықты

Оқиға

19 тамыз күні Абай облысының Бестерек ауылында Toyota Camry автокөлігі алты баланы қағып кеткен. Салдарынан үш бала қаза тауып, тағы үшеуі жансақтау бөліміне түскен еді.

Алдын ала мәлімет бойынша, көлікті 55 жастағы жергілікті тұрғын — Серік Аңсабаев тізгіндеген.

Жаңа деректер

21 тамызда жүргізушінің ұлы Ерқанат Серікұлы әкесінің апат кезінде жүрек талмасына ұшырағанын айтты. Ал әлеуметтік желілерде Аңсабаевтың эпилепсия диагнозы болғаны туралы деректер тарады.

Белгілі болғандай, Үржар аудандық соты 20 тамызда Серік Аңсабаевты эпилепсияға байланысты жүргізуші куәлігінен айыру туралы шешім қабылдаған.

Бұрыннан дәрігер есебінде тұрған

Прокуратура деректеріне сәйкес, Серік Аңсабаев 2013 жылдың 9 маусымынан бастап невролог дәрігердің «Д» диспансерлік есебінде «эпилепсия» диагнозымен тұрған. Соған қарамастан, 2020 жылы оған B, C, D секілді бірнеше категория бойынша көлік жүргізу куәлігі берілген.

Алайда 2025 жылғы сәуірде прокуратура психиатр мен наркологтың есебінде тұрған 62 тұрғынға көлік жүргізуге тыйым салуды сұрап сотқа жүгінген. Солардың қатарында Серік Аңсабаев та болған.

Сот шешімі

Апаттан кейін ғана жүргізуші куәлігін жою туралы шешім заң жүзінде рәсімделген. Сот материалдарында былай делінген:

«Жауапкер Аңсабаев 2013 жылдың 9 маусымынан бастап невролог дәрігердің есебінде “эпилепсия” диагнозымен тіркелген. Осыған байланысты 2020 жылғы 8 шілдеде берілген жүргізуші куәлігі жойылсын».

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда жасанды интеллектіні реттейтін заң күшіне енді: азаматтар нені білуі керек?

Қазақстанда жасанды интеллект қызметін реттейтін жаңа заң қабылданды. Енді ЖИ-мен жасалған контент таңбаланады, ал азаматтарды…

Петропавлда «жеңіл ақша» тапқысы келген жігіт 12 жылға сотталуы мүмкін

Петропавлда синтетикалық есірткі сатумен айналысқан 33 жастағы тұрғын ұсталды. Одан 25 грамм α-PVP психотропты заты…

«Америка, кетіңдер!»: Дания мен Гренландия Трамптың әрекетіне қарсы бас көтерді

Дания мен Гренландияда мыңдаған адам АҚШ президенті Дональд Трамптың Гренландияны сатып алу ниетіне қарсылық білдіріп,…