Alatau City – Қазақстандағы алғашқы цифрлық қала болмақ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке 10 күннің ішінде Алатау қаласына арнайы мәртебе беру туралы жарлық жобасын әзірлеуді тапсырды. Мемлекет басшысының айтуынша, алты айдан кешіктірмей қаланы басқару жүйесі, қаржылық моделі және өзге де негізгі бағыттарын реттейтін арнайы заң қабылдануы қажет.

Тоқаевтың сөзінше, арнайы мәртебе беру – артықшылық емес, нақты жоспарларды жүзеге асыру үшін қажет шара. Президент Алатау қаласы Қазақстанның алғашқы толыққанды цифрлық қаласына айналатынын атап өтті.

«Alatau City өңірдегі алғашқы толықтай цифрлық қалаға айналуы тиіс. Мұнда Smart City технологиялары енгізіледі. Тұрғындарға тауарлар мен қызметтерге криптовалюта арқылы төлеу мүмкіндігі беріледі. Бұл қала – Қазақстан болашағының бейнесі. Ол технологиялық прогресті барынша жайлы өмір сүру ортасымен ұштастыруы қажет,» – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы жаңа қала тек цифрлық орталық қана емес, сонымен бірге іскерлік белсенділік пен инновацияның жаңа орталығы болатынын жеткізді. Жоба аясында Қытай тарапынан миллиардтаған доллар көлемінде инвестиция құйылады деп жоспарланып отыр.

Алатау қаласына цифрлық инфрақұрылымдар, заманауи тұрғын үй кешендері, ғылыми-зерттеу және технологиялық орталықтар салынып, халықаралық IT-компанияларды тарту көзделген.

Жаңа бастама Қазақстанның цифрлық экономикаға көшу процесін жеделдетіп, өңірдегі инновациялық кластердің дамуына жол ашпақ.

Ұқсас жазбалар

Алматыда БАҚ қызметкерлері Мемлекет басшысы атынан марапатталды

Алматыда БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында медиа саласы өкілдерін марапаттау салтанатты рәсімі өтті. Марапаттар Президент атынан…

Алматы жастары мен креаторларға Президенттен Конституцияның арнайы басылымы табысталды

Алматыда жастар белсенділері мен креативті индустрия өкілдеріне Президент атынан Конституцияның арнайы басылымы табысталды.

Қазақстанның туристік саласы тұрақты өсімді көрсетуде

2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанға 3 млн шетелдік саяхатшы келді, ал шетелге шыққан…