Categories Жайық news

Конституциялық реформа: сенаторлар ел арасында

Жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін халыққа кең көлемде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына орай сенаторлар еліміздің өңірлеріне аттанған болатын.

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы, Конституциялық комиссияның және жалпыұлттық коалицияның мүшесі Нұрлан Бекназаров жаңа Конституция жобасын жалпы­халықтық талқылау аясында 16-18 ақпан аралығында Жамбыл және Түркістан облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында болды. Жұмыс сапары барысында өңірлер тұрғындарымен, жұрт­шылық, ғылыми және мәдени қоғамдастық өкілдерімен, еңбек ұжымдарымен, студент жастармен кездесулер өтті. Жаңа Консти­туция жобасының негізгі ереже­лерін түсіндіруге баса назар ау­дарылды.

Сенатор Құрылтай, Вице-президент инсти­туттары мен Халық Кеңесінің дамуын, сондай-ақ сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайтумен қоса мем­лекеттің институционалдық негіздерінің өзгеруін көрсететін ережелерге ерекше назар ау­дарды.

Сенатор, жалпыұлттық коалиция мүшесі Айгүл Қапбарова Шымкент қаласына болды және Халық Конституциясы жобасын жалпыұлттық талқылау жөніндегі жалпыұлттық коалиция жұмысы аясында жұртшылықпен, еңбек ұжымдары және кәсіпкерлік қоғамдастық өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді.

Ол Тұран ауданында Қазақ­стан халқы Ассамблеясының өкіл­дерімен кездесті. Онда қатысушыларға жаңа Консти­туция жобасының негізгі ереже­лері, сондай-ақ еліміздің бұдан былайғы қоғамдық-саяси дамуы мақсатында ұсы­нылып отырған өзгерістердің маңызы жан-жақты түсіндірілді.

Сенаттың Аграрлық мәселе­лер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту ко­митетінің депутаттары Қызыл­орда облысына жұмыс сапары барысында Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада мәдениет және өнер саласының қызметкерлерімен кездесті. Жүздесу барысында конституциялық реформаның мақсаттары мен негізгі ережелері, сондай-ақ жаңа Конституция жобасының елімізді одан әрі дамытудағы маңызы жан-жақты түсіндірілді.

Сенатор Сәкен Арубаев «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Кон­сти­туциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының қызметі аясында Талас ауданында жұмыс бабын­дағы сапармен болды.

Сапар барысында Қаратау қаласының тұрғындарымен, Talas Investment Company, «Шо­лақтау» тау-кен байыту кешені, «Қазфосфат» ЖШС ұжымдары­мен, сондай-ақ №3 Арнаулы әлеу­меттік қызметтер орталығы­ның қызмет­керлерімен кездесулер өтті. Халықтық Конституция жобасының негізгі ережелері, оның жаңалықтары және еліміздің бұдан былайғы дамуындағы маңызы ашық диалог түрінде талқыланды.

Сенатор Алтынбек Нұхұлы «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Консти­туциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелерімен бірге Павлодар облысында ғылыми қоғамдастық өкілдерімен кездесті. Қазақстан Респуб­ликасының жаңа Консти­туциясының жобасын түсіндіруге арналған шара өңірдегі жетекші педагогикалық жоғары оқу орны аясындағы Марғұлан ғылыми орталығында өтті. Кездесуді университет ректоры Ержан Әмірбекұлы өткізді. Талқылауға ғылыми орталықтың басшысы Тимур Смағұлов, проректорлар, декандар және ғылыми қыз­меткерлер қатысты.

Сенаторлар Жанболат Жөргенбаев пен Закиржан Кузиев жаңа Конституция жобасын тал­қылау аясында Алатау қала­сында орналасқан «Кнауф Гипс Қапшағай» ЖШС еңбек ұжымы­мен кездесті. #aa

Ұқсас жазбалар

«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім

Орал қаласында «AMANAT» партиясының «TURGYNDAR AMANATY» жобасы аясында «Үйді басқару: жауапкершілік, сенім, нәтиже» тақырыбында өңірлік…

Суармалы жерлерге су жеткізу жақсарды: каналдарды тазалау үш есеге өсті

Қазақстанда каналдарды механикалық тазалау қарқыны үш есеге өсіп, суармалы жерлерге су жеткізу жақсарды.

Оралда картоп бағасы күрт төмендеді: бірден 85 теңгеге арзандады

Орал базарларында картоп бағасы 85 теңгеге түсіп, халық қуанышында шек жоқ. Бұл – үкімет басшысының…