«Lenovo» компаниясының директоры Ермек Жақыпжановты өлтіруге тапсырыс беруші Дубайда ұсталды

2024 жылдың 10 қазанда Алматы облысы, Өтеген батыр ауылы маңынан 42 жастағы Ермек Жақыпжановтың денесі табылған еді. Марқұм — халықаралық «Lenovo» компаниясының Қазақстан, Тәжікстан және Түркіменстандағы корпоративтік сату жөніндегі директоры болған. Сараптама нәтижесінде оның денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталған.

Тергеу барысында екі күдікті қолға түсті.Бірі Қарағанды облысында, екіншісі Әзербайжанда ұсталды. Ал негізгі тапсырыс беруші бір жылға жуық уақыт бойы халықаралық іздеуде жүріп, жуырда Дубайда ұсталды. Қазір оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылуда. Тергеу дерегінше, қылмыстың басты себебі — ірі көлемдегі қарыз болған.

Ермек Жақыпжанов іскер ортада беделді топ-менеджер болатын. Ол Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын (КИМЭП) бітірген. Кейін АҚШ-тағы Миссури Саутерн мемлекеттік университетінде бухгалтерлік есеп және басқару мамандығы бойынша білім алған.

Кәсіби жолын SAP Қазақстан компаниясында бастап, 10 жылдан астам серіктестік желіні басқарды. Кейін «Технодомда» корпоративтік сату бөлімін басқарды, банктік және білім беру секторына бағытталған ірі b2b-жобаларды іске асырды. Соңғы жылдары «Lenovo»-да жұмыс істеп, аймақтағы мемлекеттік құрылымдармен іскерлік байланыстарды нығайтты.

Бердалы Ораз

Ұқсас жазбалар

Тоқаев Израиль президентімен келіссөз жүргізді: не талқыланды?

Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Президенті Ицхак Герцогпен шағын құрамда келіссөз жүргізіп, сауда, инвестиция және IT саласындағы…

Израиль президенті Ақордада салтанатты қарсы алынды: ресми сапар басталды

Ақордада Израиль Президенті Ицхак Герцогты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Бұл – елімізге оның ресми…

Тоқаев Оңтүстік Африка президентін Бостандық күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Сирил Рамафосаны Оңтүстік Африканың ұлттық мейрамы – Бостандық күнімен құттықтап, тәуелсіздік жолындағы жетістіктерін…