Categories Ақорда

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевке Ташкентке мемлекеттік сапармен келуге шақырғаны және дәстүрлі қонақжайлық танытқаны үшін ризашылығын білдірді.

✔️Кездесу барысында мемлекеттер басшылары қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі дамыту перспективасын егжей-тегжейлі талқылады.

✔️Президенттер сауда, өнеркәсіп кооперациясы, көлік-логистика, энергетика, ауыл шаруашылығы, су ресурстары секілді басым бағыттардағы, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты нығайту мәселелерін қарастырды.

✔️Сонымен қатар өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

t.me/aqorda_resmi

Ұқсас жазбалар

Президент мектептерде су мен жарықты үнемдеуді насихаттауды тапсырды

Президент білім ордаларында су мен қуат көзін үнемдеу, экологияны қорғау бастамаларын енгізуді тапсырды.

Қаңғыбас иттерден балалар мен ересектер зардап шегуде: Президент не деді?

Қазақстанда қаңғыбас иттердің шабуылынан балалар мен ересектер зардап шегуде. Президент бұл мәселеге қатысты пікір білдіріп,…

Қазақстанда креативті индустрия экономиканың жаңа тірегіне айналады

Президент Креативті индустрия қорына барып, саланы экономиканың жаңа бағыты ретінде тану кезеңін бастады.