Categories Жайық news

«Жаңа келісімдерге қол қоямыз»: Тоқаев Ердоғанның сапарына дайындықты талқылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға алғаш рет сапармен келген Түркия вице-президенті Джевдет Йылмазды қабылдады. Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынасты нығайту және Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның алдағы мемлекеттік сапарына дайындық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Президент бауырлас Түркия елі Қазақстанның маңызды стратегиялық серіктесі екенін атап өтті. Ол Джевдет Йылмаздың елімізге тұңғыш рет келуінің өзіндік мәні барын жеткізді.

– Бауырластығымыз өзара сенім мен құрметке негізделген. Дипломатиялық қатынас орнаған 35 жылға жуық уақыт ішінде біз көптеген биік белесті бағындырдық. Қарым-қатынасымыз жоғары қарқынмен дамып келе жатыр. Арамызда ешқандай түйткіл жоқ. 14 мамырда Президент Режеп Тайип Ердоған елімізге мемлекеттік сапармен келеді. Сапар аясында Стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің кезекті отырысын өткіземіз. Жаңа келісімдерге қол қоямыз, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада Қазақстан Премьер-министрі мен Түркия Вице-президентінің тең төрағалығымен өткен Үкіметаралық комиссия отырысының қорытындысы екі елдің көпқырлы әріптестігін одан әрі жандандыратынына сенім білдірді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

БҚО Қытай инвесторларына жаңа мүмкіндіктер ұсынды 

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Қытайға іссапары аясында Ляонин провинциясының әкімшілік орталығы – Шэньян…

Орал мен Цзиньчжоу бауырлас қалалар атанды  

Орал мен Цзиньчжоу бауырлас қалалар атанды. Батыс Қазақстан облысы мен Ляонин провинциясы арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға…

Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті   

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысы Сюй Куньлиньмен кездесті. Қос…