Categories Жайық news

Қазақстанда ауа райы құбылады: бір өңірде жылымық, екіншісінде 35 градус аяз болады

Алдағы демалыс күндері, яғни 24-26 қаңтар аралығында Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады. Атлантикадан келетін циклонның әсерінен еліміздің басым бөлігінде қар жауып, боран соғады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, ел аумағында қарлы, бұрқасынды ауа райы сақталып, жел күшейеді. Ал оңтүстік өңірлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Синоптиктердің мәліметінше, циклонның ықпалымен еліміздің басым бөлігіне жылы ауа массалары тарай бастайды. Осыған байланысты орталық және шығыс аймақтарда түнде ауа температурасы -5…-18°C дейін, ал оңтүстік-шығыста -2…-7°C дейін көтеріледі. Таулы аудандарда термометр бағаны -7…-15°C көрсетеді.

Дегенмен, солтүстік облыстарда аяз сақталады – түнде -20…-35°C болады. Сонымен қатар арктикалық ауаны әкелетін антициклонның әсерінен еліміздің батысында температура -15…-30°C дейін, солтүстік-батысында -20…-35°C дейін төмендейді.

Фото: pexels.com

Ұқсас жазбалар

Жайық бойында 11 мың киік қырылды: себебі не?

Қазақстанда 26 мың киік қырылды, оның 11 мыңы Батыс Қазақстан облысында. Себебі – ауа райының…

Оңтүстікте су тапшылығы: лимиттер қысқарды, халық не істеуі керек?

Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде су тапшылығына байланысты су пайдалану лимиттері қысқартылды. Министрлік суды үнемдеуге шақырады.

12 мамырда ауа райы құбылмалы: Батыста шаңды дауыл, солтүстікте үсік күтіледі

12 мамырда Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады: батыста шаңды дауыл, солтүстікте үсік күтіледі.