Categories Спорт

Оралдық дзюдошы Фатима Сұпығалиева – Азия ойындарының чемпионы атанды

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының намысын қорғаған оралдық спортшы Фатима Сұпығалиева дзюдодан алтын жүлдеге ие болды.

52 келі салмақ дәрежесінде белдескен жерлесіміз жарыс барысында барлық қарсыласынан басым түсіп, финалда Қырғызстан өкілі Милена Боруболотованы айқын басымдықпен – иппон тәсілі арқылы жеңіп, Азия чемпионы атағына қол жеткізді.

БҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов:
— Фатима Сұпығалиева болашағынан зор үміт күттіретін спортшыларымыздың бірі. Оның жүйелі жаттығу жасауына, тұрақты жарыстарға қатысуына басқарма тарапынан бар жағдайыды жасап отырмыз. Сондай-ақ, БҚО Дзюдо федерациясы тарапынан да үздіксіз қолдау көрсетіліп келеді. Фатима жақын арада Жапонияға жаттығу жасауға аттанады. Денсаулығын қадағалап, дұрыс бағытта жаттығу жасау үшін аянып қалып жатқан жоқпыз. Оны алда үлкен додалар күтіп тұр. Әлем, Азия чемпионаттарына қатысып, жеңіске жететініне сенім мол. Бастысы, Олимпиада ойындарында еліміздің көк туын көтеретін спортшыларымыздың бірі ретінде барлық жағдайды жасаймыз,-деді.

Фатима Сұпығалиева – бұған дейін де бірнеше республикалық және халықаралық жарыстарда топ жарған дарынды спортшы. Азия ойындарындағы бұл жетістік – оның спорттық жолындағы ірі белестердің бірі.

Ұқсас жазбалар

Оралдық дзюдошы Жалғас Қайролла Grand Slam финалында: алтынға бір қадам

Оралдық дзюдошы Жалғас Қайролла Grand Slam турнирінің финалында молдовалық балуанмен алтын үшін күреседі.

Аңсарбек Ғайнуллин Астанадағы Grand Slam-да қола жүлдегер атанды

Қазақстандық дзюдошы Аңсарбек Ғайнуллин Астанада өткен Grand Slam турнирінде 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола…

Жалғас Қайролла Астандағы Grand Slam-да алтын алды: молдовалықты жеңді

Қазақстандық дзюдошы Жалғас Қайролла Астанадағы Grand Slam турнирінде алтын медаль жеңіп алды.