Categories Спорт

Қазақстандық дзюдошы кадеттер арасында әлем чемпионы атанды

Қазақстан құрамасы дзюдодан Софияда (Болгария) өтіп жатқан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында алғашқы алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды ZhaiyqMedia.kz ақпарат порталы.

Ернұр Батырғали Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальді салды.

Дзюдошы 60 келіге дейінгі салмақта үздік атанды. Шешуші кездесуде Батырғали Тәжікстан құрамасының өкілі Лоик Кудбудиновты жеңді.

Еске салсақ,  бұған дейін әлем чемпионатында Арман Мыса (50 келіге дейін) үшінші орын алған еді. Ал Мұхаммедәлі Жылқайдар Софияда финалда жеңіліп қалды. Ресей спортшысы Рахим Хамхоевке жол беріп, күміс жүлдеге ие болды. Сол салмақ дәрежесінде Ролан Қайрғали канадалық Анечка Матиды жеңіп, жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді. Осылайша, ұлттық құрама қоржынында төрт жүлде бар.

Ұқсас жазбалар

Оралдық дзюдошы Жалғас Қайролла Grand Slam финалында: алтынға бір қадам

Оралдық дзюдошы Жалғас Қайролла Grand Slam турнирінің финалында молдовалық балуанмен алтын үшін күреседі.

Аңсарбек Ғайнуллин Астанадағы Grand Slam-да қола жүлдегер атанды

Қазақстандық дзюдошы Аңсарбек Ғайнуллин Астанада өткен Grand Slam турнирінде 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола…

Жалғас Қайролла Астандағы Grand Slam-да алтын алды: молдовалықты жеңді

Қазақстандық дзюдошы Жалғас Қайролла Астанадағы Grand Slam турнирінде алтын медаль жеңіп алды.