Categories Ақорда

Президент «Бағанашыл» балалар үйін көшіруге тыйым салды

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы «Бағанашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілерін Қонаевқа көшіру мәселесімен танысып, нысанды көшіруді тоқтатуды тапсырды, деп хабарлайды ZhaiyqMedia ақпарат порталы. 

Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыға балалардың оңтүстік астанада білімін жалғастыруы үшін балалар үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізіп, оны қаланың балансына алуды жүктеді.

Президенттің тапсырмасына сәйкес, балалар үйі орнында қалып, тәрбиеленушілер Алматыда оқуды жалғастырады.

Сондай-ақ, бұл жағдайға байланысты Президент Әкімшілігі қызметтік тексеріс жүргізетін болады.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың барлық заңды құқықтары толық көлемде сақталатыны хабарланды

Ұқсас жазбалар

Үкімет отставкаға кетеді: Президент заң жобасын мақұлдады

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Президент туралы» конституциялық заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Жаңа заңнамалық…

Үздік әскери түлектерге бірден «аға лейтенант» атағы берілуі мүмкін

Қазақстанда әскери оқу орнын үздік бітірген түлектерге лейтенант емес, бірден «аға лейтенант» дәрежесі берілуі мүмкін.

Жеңіс туын Берлинге ілген қария: Кенжебай Мәденов «Халық қаһарманы» атанды

Ұлы Отан соғысының ардагері, Берлинге Жеңіс туын ілген Кенжебай Мәденовке «Халық қаһарманы» атағы берілді.