Categories Жайық news

Оралдың ескі бөлігі жаңарып келеді: тарихи аймақта абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр

Орал қаласында тарихи аймақтың келбетін жаңарту басталды. Қала әкімдігі урбанистика мамандарымен бірлесіп, тұрғындарға ыңғайлы әрі заманауи қоғамдық кеңістік қалыптастыруға кірісті.

Биыл шілде айында Астана қаласының Урбанистика орталығының директоры Елнар Базыкен өңір басшылығымен кездесіп, қаланы дамыту және жаңа урбанистік шешімдерді енгізу бағытында ұсыныстар білдірген еді. Сол ұсыныстар бүгінде нақты іске аса бастады.

Қазір Назарбаев даңғылының Сарайшық пен Молдағалиев көшелері аралығында абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл аумақта жол жиегінен ғимараттарға дейінгі кеңістік реттеліп, жаяу жүргіншілерге қолайлы жағдай жасалуда.

Алдағы жылы жоба Назарбаев даңғылының Досмұхамедов көшесіне дейінгі бөлігімен жалғасады.

Басты мақсат – қаланың тарихи бөлігінің сәулеттік келбетін сақтай отырып, оны заманауи, жайлы әрі тартымды ортаға айналдыру.

Орал әкімдігі урбанист мамандармен әріптестікті жалғастырып, қаланың эстетикалық бейнесін жақсартуға бағытталған жаңа жобаларды жүзеге асыруды көздеп отыр.

Сурет: Орал қ. әкімдігі

Ұқсас жазбалар

Ұлттық ұланда «Сарбазға прокурорлық кеңес» акциясы өтті

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында елордадағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінде…

ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫНА ТЕМІР ТҰЛПАРЛАР ТАБЫСТАЛДЫ  

7 мамыр – Отан қорғаушы күніне орай облыстық полиция департаментіне су жаңа 81 көлік берілді.…

ЖЕЛ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ  

Аймақта алғаш рет жел электр станциясы салынады. Маңызды жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңартылатын энергия…