Categories Жайық news

АҚШ-та миллиард доллар жымқырған: Екі қазақстандыққа ауыр айып тағылды

Америка Құрама Штаттарында екі қазақстандыққа медициналық сақтандыру саласында 1 миллиард долларға жуық қаржыны заңсыз иемденді деген ауыр айып тағылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Чикаго қаласының федералды прокурорлары отандастарымызды Medicare (АҚШ-тағы бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік медициналық сақтандыру бағдарламасы) арқылы ауқымды алаяқтық схемасын ұйымдастырды деп айыптап отыр.

«Айыпталушылар мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесі мен жеке сақтандыру компанияларынан жүздеген миллион доллар, жалпы алғанда миллиард доллардан астам қаражатты жымқырған», — делінген прокурорлардың мәлімдемесінде.

Бұл ақпаратты америкалық CWBChicago басылымы АҚШ федералды сотының ресми материалдарына сүйеніп таратты. Оқиға Америкадағы ең ірі медициналық алаяқтық істерінің бірі ретінде бағалануда.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Ұлттық ұланда «Сарбазға прокурорлық кеңес» акциясы өтті

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында елордадағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінде…

ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫНА ТЕМІР ТҰЛПАРЛАР ТАБЫСТАЛДЫ  

7 мамыр – Отан қорғаушы күніне орай облыстық полиция департаментіне су жаңа 81 көлік берілді.…

ЖЕЛ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ  

Аймақта алғаш рет жел электр станциясы салынады. Маңызды жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңартылатын энергия…