Categories Жайық news

Ирандағы жағдай ушықты: Тоқаев күштік құрылымдарды күшейтілген режимге көшірді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ирандағы ахуалдың шиеленісуіне және оның Қазақстан тұрақтылығына төндіруі мүмкін қатерлеріне байланысты шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетовке күштік құрылымдар мен салалық министрліктердің басшыларымен бірлесіп, шұғыл әрекет ету жоспарын әзірлеуді жүктеді.

Осыған орай, еліміздегі барлық күштік құрылым тәуліктік жұмыс кестесіне көшірілді. Сондай-ақ Үкіметте Сыртқы істер министрлігі жетекшілік ететін арнайы мониторинг тобы құрылып, жұмысқа кірісті.

Бұдан бөлек, өңір әкімдеріне Таяу Шығыстағы жағдайды жіті бақылап, соған сәйкес шешімдер қабылдау тапсырылды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Ұлттық ұланда «Сарбазға прокурорлық кеңес» акциясы өтті

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында елордадағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінде…

ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫНА ТЕМІР ТҰЛПАРЛАР ТАБЫСТАЛДЫ  

7 мамыр – Отан қорғаушы күніне орай облыстық полиция департаментіне су жаңа 81 көлік берілді.…

ЖЕЛ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ  

Аймақта алғаш рет жел электр станциясы салынады. Маңызды жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңартылатын энергия…