Categories Жайық news

Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйелі де бар: Заңсыз лотерея ойнатқан блогерлердің «қара тізімі» шықты

Қазақстанда әлеуметтік желіде заңсыз лотерея ойнатқан танымал блогерлердің толық тізімі жарияланды. Олардың арасында «Supermamacita» деген лақап атпен танымал Әлия Байтуғаева мен актер Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы келіншегі Мөлдір Мұқанова да бар, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті әлеуметтік желілерге тұрақты мониторинг жүргізіп, заңсыз ұтыс ойындарын ұйымдастырғандарды анықтады. Нәтижесінде былтыр 121 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ірі көлемде айыппұл төлеген.

«Мониторинг нәтижесінде және азаматтардан келіп түскен өтініштер негізінде өткен жылы 121 адам Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 445-1-бабының 6-бөлігі бойынша жауапқа тартылды», – деп хабарлады комитет.

Министрлік жариялаған ресми тізімде Әлия Байтуғаева мен Мөлдір Мұқановадан бөлек, блогерлер Мереке Қалбаева, «Justking31» лақап атымен танылған Нұрбек Нұртаза мен оның әйелі, сондай-ақ Дархан Жолшыбеков сияқты танымал инста-жұлдыздар бар.

Заң бойынша, лотерея операторы болып саналмайтын тұлға ұтыс ойынын өткізсе, жеке тұлғаларға 100 АЕК, ал жеке кәсіпкерлерге 300 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған. Егер бұл әрекет бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл мөлшері жеке тұлғалар үшін 200 АЕК-ке, кәсіпкерлер үшін 750 АЕК-ке дейін өседі. Сонымен қатар, заңсыз лотереядан түскен барлық табыс тәркіленеді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

ЖЕЛ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ  

Аймақта алғаш рет жел электр станциясы салынады. Маңызды жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңартылатын энергия…

БҚО-да ардагерлерге 5 миллион теңге көлемінде біржолғы көмек көрсетілді  

Батыс Қазақстан облысында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсету мақсатында біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді. Биыл…

Рудныйда жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті: арнайы дабыл қосулы болған

Рудныйда жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Оқиға кезінде арнайы дабыл шамдары қосулы болған.…