Categories Спорт

БҚО мергендері Жастар ойындарында үздік нәтиже көрсетті!

18–25 шілде аралығында Алматы қаласында VI Жастар ойындары өтуде. Аталған бәсекеге еліміздің 6 облысы мен 3 қаласынан жалпы саны 140 спортшы қатысуда.

Батыс Қазақстан облысының мергендері нысана көздеуден жарқын ойын өрнегін көрсетіп, төмендегідей нәтижелерге қол жеткізді:

МП-5 жаттығуы бойынша жекелей сында Нина Старова — күміс жүлде иегері атанды.

Командалық есепте Нина Старова, Алиса Краденова және Сафия Испаевадан құралған команда қола жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, осы додада жүлделі орын алған спортшылар 16–30 тамыз аралығында Шымкент қаласында өтетін Азия чемпионатына жолдама алады.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы

Ұқсас жазбалар

Қазақ триатлоншысы Олимпиада лицензиясын жеңіп алды: Азия Кубогіндегі жеңіс

Қазақстандық триатлоншы Филиппиндегі Азия Кубогінде жеңіске жетіп, Олимпиада жолдамасын қанжығалады.

Қазақстандық жүзушілер Әлем кубогынан үш медаль алды

Қазақстандық әртістік жүзушілер Әлем кубогында үш медаль жеңіп алды. Алдияр Рамазанов пен Ясмина Исламова күміс…

Лондонда үстел теннисінен әлем чемпионаты: Қазақстан командасы да бақ сынауда

Лондонда үстел теннисінен командалық әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан командасы да бақ сынауда.