Categories Жайық news

ChatGPT еңбек нарығын өзгертті: IT мен ритейл салалы жұмыс орындарын жаппай қысқаруда

ChatGPT іске қосылғалы бері еңбек нарығы түбегейлі өзгерді. Британдық басылымдардың жазуынша, IT саласындағы бос жұмыс орындарының үштен бірі жойылып кеткен. Жас мамандар — әсіресе стажерлер мен джунлар үшін жұмыс табу күннен-күнге қиындап барады. Ірі компаниялар нейрожелілерді шығынды қысқарту және қызметкерлер санын азайту мақсатында ашық түрде қолдана бастады.

Ең үлкен соққы ритейл секторына тиді. 2022 жылдың қарашасынан 2025 жылдың мамырына дейін бұл саладағы бос жұмыс орындарының саны 78%-ға азайған. Бұрын ондаған адам еңбек еткен бөлімдерде қазір алгоритмдер жұмыс істеп жатыр.

«Вакансиялар азайып барады, талаптар өсіп жатыр, ал бәсеке күшейе түсуде», — дейді сарапшылар.

Бір диплом жеткіліксіз

Аналитиктердің пікірінше, біз «болашақ» деп жүрген дәуірге емес, жаңа шындыққа аяқ бастық. Қазір жұмыс табу үшін тек диплом ғана емес, сонымен бірге бейімделу, сыни ойлау және үздіксіз оқуға дайын болу қабілеті қажет.

«Бұл — он жылдан кейінгі емес, бүгінгі күннің шындығы», — деп атап өтті зерттеушілер.

Жасанды интеллекттің дамуымен көптеген салаларда қайталанатын жұмыстар автоматтандырылып, адамдар тек күрделі, креативті және бейімделуді қажет ететін міндеттерге тартылады. Бұл үрдіс жаңа мүмкіндіктермен қатар, жаңа тәуекелдерге де жол ашуда.

Ұқсас жазбалар

Трамп Пентагонды қайта «Соғыс министрлігі» деп атауды көздеп отыр

Трамп Пентагонды қайта «Соғыс министрлігі» деп атауды көздеп отыр,-деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz. АҚШ президенті Дональд Трамп…

Алматы облысында 16 жастағы қызды азаптаған екі әйел ұсталды

Алматы облысында 16 жастағы қызды азаптаған екі әйел ұсталды,-деп хабарлайды Жайықмедиа.кз. Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында…

Ақтөбеде рэпер Qarakesek есірткімен ұсталды

Ақтөбеде белгілі рэпер Qarakesek есірткілік мас күйінде көлік басқарғаны үшін ұсталды. 31 жастағы әртіс жол-патрульдік…