Categories Жайық news

Иран сақшылары корпусы: «Өз азаматтарын өлтірген режим құрдымға кетеді»

Еуропалық Одақ Иранның Ислам революциясы сақшылары корпусын (ИРСК) террористік ұйым деп таныды. Бұл шешім Ирандағы мыңдаған наразының өліміне жауап ретінде қабылданды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Осыған қатысты Эстония премьер-министрі Кая Каллас X әлеуметтік желісінде пікір білдірді.

«Репрессия жауапсыз қалмауы тиіс. Өз азаматтарын мыңдап өлтіретін кез келген режим өзін-өзі құрдымға жақындатады», – деді ол.

Сонымен қатар ЕО Сыртқы істер министрлері кеңесі Иранның 19 азаматы мен 12 ұйымына қарсы жаңа санкциялар салды. Олардың ішінде 15 адам мен алты заңды тұлға елдегі наразылықтарды басып-жаншуға қатысқаны үшін, ал қалғандары Ресейге Украинамен соғыста көмектескені үшін санкциялық тізімге енгізілді.

Ұқсас жазбалар

Маңғыстау мен Атырау облыстары автогазбен толық қамтылған – Энергетика министрлігі

Энергетика министрлігі Маңғыстау және Атырау облыстарында автогаз жеткізу тұрақты және қажеттіліктен жоғары екенін мәлімдеді.

28 маусымға арналған ауа райы болжамы: Қазақстанның оңтүстігінде аптап ыстық сақталады

28 маусымда Қазақстанның солтүстік және батыс өңірлерінде найзағайлы жаңбыр күтіледі, оңтүстікте аптап ыстық сақталады.

Қазақстанның туристік саласы тұрақты өсімді көрсетуде

2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанға 3 млн шетелдік саяхатшы келді, ал шетелге шыққан…