Categories Жайық news

Петропавлда «жеңіл ақша» тапқысы келген жігіт 12 жылға сотталуы мүмкін

Петропавлда синтетикалық есірткі сатумен айналысқан 33 жастағы қала тұрғыны қылмыс үстінде ұсталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Полиция қызметкерлері күдіктіні 3-ші қалалық аурухана маңында қолға түсірген. Жеке тінту кезінде оның жанынан 22 түйіншек есірткі табылды.

Кейін күдіктінің өз жауабы арқылы жасырын қоймадан тағы үш түйіншек тәркіленді. Сот-медициналық сараптама бұл аса қауіпті α-PVP психотропты заты екенін, ал жалпы салмағы 25 грамды құрайтынын растады.

Тергеу барысында оның бұл заңсыз «бизнесті» өткен жылдың қараша айынан бері жүргізіп келгені белгілі болды.

Енді оған аса ірі мөлшерде есірткі сатқаны үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Nvidia енді ауа райын болжайды: Google-ға бәсекелес пайда болды ма?

Nvidia компаниясы ауа райын болжауға арналған Earth-2 платформасын ұсынды. Жасанды интеллект мемлекеттік қызметтермен бірдей дәлдікке…

Instagram-да «көмектесемін» деп 95 млн теңге жымқырған: Астаналық алаяқ 6 жылға сотталды

Астанада өзін ипотекалық брокер ретінде таныстырып, 25 адамнан 95 млн теңгеден астам қаражат жымқырған 30…

Kazakhstan House facade with flag and emblem in London, showcasing diplomacy and architecture.

Asian Affairs: Қаңтар оқиғасы мен Украинадағы соғыс Қазақстанды өзгертті

Беделді британдық Asian Affairs журналы Қаңтар оқиғасы мен Украинадағы соғыстан кейінгі Қазақстанның ұлттық патриотизміне талдау…