Categories Жайық news

Енді шетелде оқитын қазақстандық студенттерге де салық салынады

Енді шетелде оқитын қазақстандық студенттерге де салық салынады,-деп хабарлайды Жайықмедиа.кз.

2024 жылдан бастап шетелде білім алып жүрген қазақстандық студенттер де салық төлеуге міндеттеледі. Ережеге сәйкес, олар биыл декларация тапсырып, шәкіртақысының 10 пайызын мемлекетке төлеуі тиіс.

Дегенмен, “Болашақ” және өзге де мемлекеттік бағдарламалар аясында шәкіртақы алатын студенттер бұл талаптан босатылады.

Мамандардың айтуынша, бұл өзгеріс уақытша. 2026 жылдан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енген соң, шетелдік оқу орындарынан шәкіртақы алатын студенттер салықтан толықтай босатылады.

Жаңа талап қоғамда қызу талқыланып жатыр. Кейбір сарапшылар мұндай қадам студенттердің әлеуметтік жағдайына кері әсер етуі мүмкін десе, билік бұл өзгерісті салық жүйесін біріздендіру мақсатында қабылдап отыр.

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…