Categories Әлем

Щучинск тұрғыны жалған айғақ беріп, 2 жылға бас бостандығынан айырылды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Щучинск қаласының тұрғыны әкімшілік іс бойынша куә ретінде жауап беру кезінде танысына жауапкершіліктен жалтаруға көмектесу үшін көлікті басқа адамның басқарғаны туралы сотқа көрінеу жалған айғақ берген. Алайда іс материалдарындағы бейнежазба оның айғақтарын жоққа шығарып, көлікті нақты басқарған адамның кінәсін дәлелдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Прокурордың өтінішхаты негізінде сот жеке қаулы шығарып, Қылмыстық кодекстің 420-бабы (көрінеу жалған айғақ беру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Алғашында сот оған бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындаған. Алайда прокуратураның апелляциялық өтінішхаты негізінде сотталған адамның жеке басы және оның бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғаны ескеріліп, облыстық сот жазаны өзгертіп, оны ең жоғары қауіпсіздік мекемесінде өтеумен 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Прокуратура сотта немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында көрінеу жалған айғақ беру қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады, — делінген ақпаратта.

Ұқсас жазбалар

ІІМ: 2024 жылдың алты айында 7 тоннадан астам есірткі тәркіленді

ІІМ биылғы алты айда 7 тоннадан астам есірткі тәркіленгенін, 15 зертхана мен 6 қылмыстық топтың…

Қытайдағы қазақ дәрігер «1 шілде» орденімен марапатталды

Бейжіңде Қытай Коммунистік партиясының 105 жылдығына арналған салтанатты шарада қазақ дәрігер Оқас Сүлеймен «1 шілде»…

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тапты

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тауып, жеті адам хабарсыз кетті. Тасқын Аккра мен бірнеше…