Categories Жайық news

Қазақстан Олимпиада-2026 ашылуында ту ұстайтын спортшыларды әлі бекіткен жоқ

ҚР Туризм және спорт министрлігінің ресми өкілі Балым Аламединова 2026 жылғы қысқы Олимпиадада Қазақстан туын ұстайтын спортшылар анықталды деген ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы Sports.kz Sportbugin-ге сілтеме жасап хабарлады.

Аламединованың айтуынша, ұлттық құрама әзірге толық жасақталып біткен жоқ, ал жолдама үшін күрес әлі жалғасып жатыр.

Бұл туралы Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Олимпиадаға қатысатын ұлттық құраманың толық құрамы әлі бекітілмеген. Барлық тиісті мәліметтер Туризм және спорт министрлігінің ресми арналары арқылы жарияланады. Бұқаралық ақпарат құралдарын тек тексерілген дерекке жүгінуге шақырамыз», — деді министрлік өкілі.

Бұған дейін Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Есембаев шорт-трекшілер Яна Хан мен Денис Никишаны Қазақстан туын алып шығатын спортшылар тізіміне енгізгені туралы айтқан еді.

Қазақстандық спортшылар ту ұстай ма? Қазір нақты шешім жоқ

Церемония 2026 жылдың 6 ақпанында Милан қаласындағы Сан-Сиро стадионында өтеді. Бұл сәтке дейін ұлттық команданың құрамы түпкілікті анықталып, ресми тізім жариялануы тиіс.

Жанкүйерлер мен БАҚ өкілдеріне ресми ақпар шыққанша сабыр сақтап, тек министрлік ұсынған дереккөздерге сену ұсынылады.

Ұқсас жазбалар

Close-up of a green nozzle refueling a white car at a gas station.

Келер жылы бензин бағасы Ресеймен теңесуі мүмкін: Төмен бағаның салдары қандай?

Жанармай бағасы биыл Ресей деңгейімен теңесуі мүмкін. Сарапшылар бағаны нарыққа бейімдеу қажет дейді.

Батыс Қазақстанда үй өртеніп, екі адам қаза болды

Фото: Видеодан скрин Батыс Қазақстан облысында екі адамның өліміне соқтырған өрт оқиғасы тіркелді. БҚО ТЖ…

Мәжіліс депутаты «Batys hub» инновациялық орталығы жұмысымен танысты

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Имашева Снежанна Валерьевна Батыс Қазақстан облысына іс-сапары барысында «Batys hub»…