Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше заңға қол қойды

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Президент «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңға қол қойды. Сондай-ақ атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі, құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша өзгерістер енгізілді. Қылмыстық кодекс, Қылмыстық-процестік кодекс және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске де түзетулер қабылданды.

Заңдардың толық мәтіні ресми басылымдарда жарияланады. Бүгіннен бастап елімізде Жаңа Конституция күшіне енді, осыған байланысты Мемлекет басшысы Қазақстан халқына үндеу жасады.

Ұқсас жазбалар

Ыстанбұлдағы дәмханадан шыққан өрт орманға тарады

Ыстанбұлдағы Бұюкада аралындағы дәмханадан шыққан өрт орманға тарады. Өртке газ баллонының жарылуы себеп болған. 4…

Президент Cameco корпорациясының басшысын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысы аясында Cameco Corporation атқарушы директоры Тим…

Мемлекет басшысы AD Ports Group басшысын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев AD Ports Group басшысы Мұхаммед Әл-Шамисимен кездесіп, Каспий аймағының көлік-транзит әлеуетін кеңейту мәселелерін…