Categories Жайық news

143 мың теңге: 2025 жылы қазақстандықтардың орташа зейнетақысы қандай болатыны белгілі болды

Қазақстанда 2025 жылы зейнетақының орташа мөлшері 143 143 теңгені құрайды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді. Ведомствоның дерегінше, бұл – базалық және ынтымақты зейнетақыны қосқандағы жиынтық сома.

«2025 жылы жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 143 143 теңге болады. Оның ішінде ынтымақты зейнетақы – 95 549 теңге, ал базалық зейнетақы – 47 594 теңге», – делінген ресми хабарламада.

Жыл қорытындысы бойынша, еліміздегі зейнеткерлердің саны 2,5 миллион адамға жеткен. Оларға зейнетақы төлеу үшін республикалық бюджеттен 4,5 триллион теңге жұмсалды. Бұл қаражаттың 1,4 триллион теңгесі базалық, ал 2,9 триллион теңгесі ынтымақты зейнетақыға бағытталды.

Сонымен қатар министрлік 2026 жылы бюджеттен төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 10%-ға артатынын атап өтті.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

БҚО Қытай инвесторларына жаңа мүмкіндіктер ұсынды 

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Қытайға іссапары аясында Ляонин провинциясының әкімшілік орталығы – Шэньян…

Орал мен Цзиньчжоу бауырлас қалалар атанды  

Орал мен Цзиньчжоу бауырлас қалалар атанды. Батыс Қазақстан облысы мен Ляонин провинциясы арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға…

Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті   

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысы Сюй Куньлиньмен кездесті. Қос…