Енді дүкендерде тауар екі түрлі бағамен сатылуы мүмкін

Қазақстанда дүкендерде бір тауардың екі түрлі бағасы көрсетілетін жүйе заңдастырылуы ықтимал. Жаңа ережеге сәйкес, қолма-қол төлем жасағанда бір баға, ал бөліп төлеу кезінде басқа баға көрсетіледі. Бұл бастама «рассрочка» шын мәнінде несие екенін ашық көрсетуге бағытталған.

Жаңа жүйе қабылданса, бөліп төлеу алғаш рет заң жүзінде бекітіледі. Бұл тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейтеді. Енді бөліп төлеумен алынған тауар да ұнамаған жағдайда қайтаруға жатады.

Қазір қосарланған баға жүйесі жоқ. Сарапшылардың айтуынша, ірі компаниялар банктің 15-20% үстемесін өз есебінен жапса, шағын бизнес бұл шығынды көбіне тұтынушыға артады немесе банк комиссиясын көтеруге мәжбүр.

Жаңа ережеге қатысты соңғы шешім биылдың соңына дейін қабылданбақ. Егер құжат бекітілсе, қазақстандықтар тауардың нақты құнын біліп, саналы түрде таңдау жасай алады.

 

Ұқсас жазбалар

Сегодня в Казахстане отмечают День армейской авиации

Фото:gov.kz Сегодня, 29 декабря 2025 года, в Казахстане празднуется День армейской авиации. Профессиональный праздник ведёт…

Бүгін Қазақстанда Әскери авиация күні аталып өтуде

Сурет:gov.kz Бүгін, 29 желтоқсан 2025 жыл, Қазақстанда Әскери авиация күні мерекеленіп жатыр. Кәсіби мереке 1992…

БҚО-да спорт саласының үздіктері анықталды

Сурет:БҚО Әкімдігі Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы «Жалын – 2025» атауымен үздік…