Ұлытауда Отан қорғаушылар күніне орай үздік сарбаздар марапатталды

Ұлытауда Отан қорғаушылар күні қарсаңында әскери қызметкерлер мен үздік сарбаздар марапатталды. Салтанатты шараға өңір басшылығы мен қоғам белсенділері қатысты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Марапаттау рәсімінде бірқатар әскери қызметкерге медальдар мен алғыс хаттар табыс етілді. Әсіресе, әскери борышын өтеп жүрген сарбаздар ерекше аталып өтті.

«Біздің әскер – еліміздің берік тірегі. Әрбір сарбаздың адал қызметі – Отанымыздың тыныштығының кепілі», — деді облыс әкімі.

Бүгінде қазақстандық әскер жоғары кәсіби деңгейде, заманауи қару-жарақпен жабдықталған. Мұндай шаралар жастардың патриоттық рухын көтеруге ықпал етеді.

Ұқсас жазбалар

Ыстанбұлдағы дәмханадан шыққан өрт орманға тарады

Ыстанбұлдағы Бұюкада аралындағы дәмханадан шыққан өрт орманға тарады. Өртке газ баллонының жарылуы себеп болған. 4…

Президент Cameco корпорациясының басшысын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысы аясында Cameco Corporation атқарушы директоры Тим…

Мемлекет басшысы AD Ports Group басшысын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев AD Ports Group басшысы Мұхаммед Әл-Шамисимен кездесіп, Каспий аймағының көлік-транзит әлеуетін кеңейту мәселелерін…