Categories Қоғам

ІІМ: «Жас сақшы» сыныптарының алғашқы түлектері сертификат алып, заңға қызмет ету жолын таңдады

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге, олардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілігін арттыруға және заңға құрмет сезімін нығайтуға бағытталған «Жас сақшы» полиция сыныптарын дамыту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда, — деп хабарлайды Polisia.kz. Бүгінде еліміз бойынша 267 «Жас сақшы» сыныбы бар. Онда бес мыңнан астам оқушы білім алады. Бұл жоба қоғамдық қауіпсіздік мәселесіне назар аударып, елге қызмет етуге және құқық қорғау саласына қызығушылық танытатын белсенді жастарды бір ортада біріктіреді. Полиция сыныптарындағы оқу үдерісі оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін, тәртібін, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық құндылықтарға деген құрметін дамытуға ықпал етіп, ел болашағына жауапкершілікпен қарауға үйретеді. Құқық бұзушылықтардың алдын алуға, заңға бағынатын мінез-құлықты тәрбиелеуге және жастар арасында полицей мамандығын насихаттауға ерекше назар аударылады. 2025-2026 оқу жылында жалпы саны 52 оқушыдан тұратын үш «Жас сақшы» сыныбының түлектері мектеп бітірді. Олар енді Ішкі істер министрлігінің ведомстволық жоғары оқу орындарында білім алуға ниетті. Бұл жоба ішкі істер органдары үшін кадрлық резерв қалыптастыруда өзінің жоғары тиімділігін көрсетіп отыр. Өңірлерде полиция сыныптарының алғашқы түлектерінің мектеппен қоштасу рәсімдері өтті. Алматы қаласында полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов «Жас сақшы» сыныптарының түлектеріне сертификаттарды салтанатты түрде табыстап, олардың патриотизм мен құқықтық мәдениетті нығайтуға қосқан үлесін ерекше атап өтті. Ақтөбе облысында полиция департаментінің бастығы Қайыркен Әлиев те бейіндік сынып түлектеріне сертификаттар табыстап, жастарды азаматтық жауапкершілік және қоғамға қызмет ету рухында тәрбиелеудің маңыздылығына тоқталды. «Жас сақшы» полиция сыныптарын дамыту Ішкі істер министрлігінің жастарды патриотизм, заң және құқықтық тәртіпті құрметтеу рухында тәрбиелеуге бағытталған маңызды жұмыстарының бірі болып қала береді.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/iim-zhas-saqshy-synyptarynyng-alghashqy-tulekteri-sertifikat-alyp-zanggha-qyzmet-etu-zholyn-tangdady/

Ұқсас жазбалар

Өзбекстандық төреші әлем чемпионатындағы ең төмен бағаны алды

Өзбекстандық төреші Ильгиз Танташев Франция-Парагвай матчындағы төрелігі үшін L'Équipe басылымынан 10 балдың 1-ін алып, әлем…

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтап, қазақ халқының ұлттық мұрасы – домбыраны сақтау және…

АҚШ-та 2040 жылға қарай автокөліктерге сұраныс төмендейді

АҚШ-тағы автокөлік нарығы бес жылдан кейін екі миллион көлікке қысқаруы мүмкін. Сарапшылардың дерегінше, 2040 жылға…