Categories Әлем

Түркияда қаза тапқан қазақстандық әйелдің 7 жасар қызы жетім қалды

Түркияда жұмбақ жағдайда қаза тапқан қазақстандық әйелдің 7 жасар қызы бар екені белгілі болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасады. Ведомство өкілдері қайтыс болған әйелдің жақындарына қажетті көмек көрсетіліп жатқанын жеткізді.

«Қазіргі уақытта марқұмның денесін отанына жеткізу мәселесі шешілуде. Барлық құжаттық рәсімдер жеделдетіліп жатыр», — делінген министрлік хабарламасында.

Қаза тапқан әйелдің қызы қазір туыстарының қарауында. Оқиғаның мән-жайын Түркия құқық қорғау органдары тергеп жатыр.

Ұқсас жазбалар

Қытайдың Лючжоу қаласында жер сілкінісі: екі адам қаза тапты

Қытайдың Лючжоу қаласында магнитудасы 5,2 болатын жер сілкінісінен екі адам қаза тапты, бірнеше адам жарақат…

Украинаның бірінші ханымына қатысты Ресейде іс қозғалуы мүмкін

Ресей БАҚ-та Елена Зеленскаяға қатысты қылмыстық іс қозғалуы мүмкін деген ақпарат пайда болды.

Қазақстандық оқушылар OIBO-2026 биология олимпиадасында бақ сынап жатыр

Қазақстан құрамасы OIBO-2026 халықаралық ашық биология олимпиадасына қатысып жатыр. Команда құрамында 6 оқушы мен жетекші…