Сурет: Bild
Потсдам-Миттельмарк ауданындағы Гёрцке маңында орман өрті тез тарап, жалын шарпыған аумақ 100 гектарға жуықтады. Өрт сөндірушілер сенбіден бері 40°C-қа жуық ыстықта күресіп жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдай қызметкерлеріне ауыр техникасы бар фермерлер көмектесуде. Бірақ аптап ыстық пен ұзақ құрғақшылық өрт сөндіруді қиындатып, жалынның таралу қаупін арттырып отыр.
Германияның басқа аймақтарында да экстремалды ыстықтан орман өрті тіркелді. Рейнланд-Пфальц федералды жеріндегі Трайзен ауылынан 650-ге жуық тұрғын эвакуацияланды.
Өрт сөндірушілер бір өрт ошағына жақындай алмай отыр, себебі аумақта соғыс кезінен қалған жарылмаған оқ-дәрілер бар. Өткен түні сол маңда бірнеше жарылыс болды.

