Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трампты туған күнімен құттықтады

Сурет: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трампты туған күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы жеделхатта Қазақстанның Құрама Штаттармен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бейіл екенін атап өтті. Сондай-ақ жоғары деңгейдегі саяси диалог пен екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықтың даму қарқынына тоқталды. Президент Қазақстанның бейбітшілікті сақтау, өзара түсіністік пен орнықты даму бастамаларын ілгерілету бағытындағы бірлескен жұмысты жалғастыруға әзірлігін растады. Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа бақ-береке және АҚШ халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Ұқсас жазбалар

Бішкекте ұшақ апаты: «Манас» әуежайындағы барлық рейс уақытша тоқтатылды

Бішкектегі «Манас» әуежайында Tez Jet ұшағы қону кезінде шассиі сынып, сол қанатына қисайып қалды. Жолаушылар…

Астанада Сығанақ көшесінде жеңіл автокөлік өртенді

Астананың Нұра ауданында Сығанақ көшесінде жеңіл автокөлік өртеніп, құтқарушылар өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, себебі…

Берік Асылов Қазақстанның Бас Прокуроры болып қайта тағайындалды

Берік Асылов Қазақстанның Бас Прокуроры болып қайта тағайындалды. Ол бұл қызметті 2022 жылдың наурыз айынан…