Categories Жайық news

«Бәрі жоспарланған»: Атырауда жоғалған отбасы Өзбекстаннан табылуы мүмкін

Атырау облысында жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен тұтас бір отбасы Өзбекстанға өтіп кеткен болуы мүмкін, бұл әрекет алдын ала жоспарланған көрінеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұл туралы журналист Руслан Өтепбай жаңа деректермен бөлісті. Оның айтуынша, бірнеше айдан бері хабар-ошарсыз кеткен отбасының тағдыры туыстары мен ауылдастарын қатты алаңдатып отыр.

Оқиғаның хронологиясы былай өрбіген: шамамен бес-алты ай бұрын отбасының ұлы Наурыз Ақтау қаласына жұмыс істеуге кетіп, содан бері оралмаған. Одан ешқандай хабар болмаған.

Ал қазан айында отағасы Мақсот Қарабалиев «дәрігерге барамыз» деген сылтаумен әйелі мен үшінші топтағы мүгедектігі бар қызы Мирамгүлді алып, үйінен шығып кеткен. Содан кейін олардың ешқайсысы ауылға қайта көрінбеген.

Күдікті жайт мұнымен бітпейді. Отбасы жоғалғаннан кейін үйдегі барлық мал-мүлік ұлдарының атынан WhatsApp желісі арқылы сатылған. Саудадан түскен ақша Kaspi шотына аударылғанымен, отбасы мүшелерінің ешқайсысы байланысқа шықпаған.

Жақында журналистің редакциясына Мақсот Қарабалиевтің туысы арнайы аудиожазба жолдап, оқиғаның мән-жайын басқа қырынан көрсетті.

«Өзбекстанға қарай өтіп кеткен сияқты. Жалпы жоспарланған нәрсе ғой», – делінген аудиожазбада.

Фото: Arasha.kz

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…