БҚО делегациясы жетекші чех компанияларымен келіссөздер өткізді  

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес халықаралық байланыстарды нығайту және өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамыту жұмыстары жалғасуда.

Чехияға жұмыс сапары барысында Батыс Қазақстан облысы әкімі Нариман Төреғалиев бастаған делегация елдің жетекші өнеркәсіптік және жоғары технологиялық компанияларымен келіссөздер жүргізді. Кездесулер Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігінде өтті. Бұл өзара сенімнің жоғары деңгейін және ынтымақтастықтың маңыздылығын айқындады.

Шыны өнеркәсібіндегі инновациялар

Sklostroj компаниясымен кездесуде шыны өнеркәсібіне арналған жабдықтарды өндіру саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Компания өнімінің 95%-дан астамы әлемнің ондаған еліне экспортталады. Бұл технологиялар өңірдегі өндірістерді жаңғыртуға және экспорттық әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді.

Энергоэффективтілік және экологиялық шешімдер

Protis Ostrava Inženýring компаниясы энергетика, жобалау және экологиялық инфрақұрылым саласындағы тәжірибесін таныстырды. Компания технологиялары коммуналдық жүйелерді жаңғырту мен олардың энергоэффективтілігін арттыруға қолданыла алады.

Машина жасау және өндірісті локализациялау

Tatra Trucks компаниясының басшылығымен Қазақстанда ауыр жол талғамайтын көліктер мен арнайы техниканы бірлесіп өндіру перспективалары қаралды. Ынтымақтастық өңірдің техникалық әлеуетін арттыруға жол ашады.

Кен өндіру саласын жаңғырту

Ferrit компаниясы Қазақстанның шахталық саласына заманауи көлік жүйелерін енгізу шешімдерін ұсынды. Бұл өндірістің тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

Қорғаныс өнеркәсібіндегі стратегиялық әріптестік

Omnipol холдингімен қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібіндегі ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды. Компания Қазақстанда қазірдің өзінде бірқатар жобаларды жүзеге асыруда, оның ішінде L-410 ұшақтарын жеткізу және оқу-жауынгерлік ұшақтарды жаңғырту бар.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

Президент: Транскаспий бағыты – қауіпсіздік пен экономиканың тірегі

Мемлекет басшысы Транскаспий бағытын дамыту қауіпсіздік мәселесімен тікелей байланысты екенін айтты. Бұл өңір елдерінің экономикалық…

Олжас Бектенов Бакудегі Дүниежүзілік урбан форумында Президент тапсырмасын орындады

Премьер-министр Олжас Бектенов Бакуде өткен Дүниежүзілік урбан форумына қатысып, қала дамуы мен инфрақұрылым мәселелерін талқылады.

Президент Қытай және Орталық Азия елдерінің ішкі істер министрлерін қабылдады

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер министрлерімен қауіпсіздік мәселелерін талқылады.