Categories Саясат

Куба вице-президенті Мәжіліс төрағасымен кездесті: не талқыланды?

Сурет: Egemen Qazaqstan

Ерлан Қошанов Кубаның вице-президенті Сальвадор Вальдес Месамен кездесті. Қонақ Астанаға Еуразия экономикалық форумына қатысу үшін келген, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың келешегі талқыланды. Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды нығайтуға келісті.

Сондай-ақ, Кубаның Қазақстандағы елшілігін ашу мәселесі де назардан тыс қалмады. Бұл қадам екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастарды жаңа деңгейге көтереді деп күтілуде.

Сальвадор Вальдес Меса Қазақстанның халықаралық бастамаларын қолдайтынын жеткізді. Ол әсіресе ядролық қарусыздану саласындағы еліміздің рөлін атап өтті.

Ұқсас жазбалар

Астанада «Әділет» партиясының II съезі өз жұмысын бастады

Астанада «Әділет» партиясының II съезі өз жұмысын бастады. Съезд жұмысына партия делегаттары, қоғамдық және кәсіптік…

Астанада «Әділет» партиясының ІІ съезі басталды

Астанада «Әділет» партиясының екінші съезі басталды. Жиынға партия делегаттары, қоғамдық және кәсіби бірлестіктердің өкілдері қатысуда.

«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады

«Әділет» партиясының II Съезінде партияның өңірлік филиалдарын Қазақстанның барлық өңірінде құру және есептік тіркеуден өткізу…