Ауғанстан Пәкістанға әуеден соққы жасауда

Ауғанстан Пәкістанға әуеден соққы жасауда,- деп хабарлайды Zhaiqmedia.kz.

Аймақтағы жағдай қайта шиеленісті: Ауғанстан Пәкістанның Лахор қаласына әуеден соққы беріп, кемінде 12 пәкістандық әскердің қаза тапқаны хабарланды. Жауап ретінде Исламабад бомбалаушы ұшақтарын әуеге көтеріп, оларды Кабул бағытына жөнелткен.

Қарулы текетірестің басты себебі — Пәкістан билігіне қарсы шыққан «Техрик-е-Талибан Пәкістан» (TTP) ұйымы.

Ұйымның жетекшісі Нұр Уали Мехсуд қазіргі уақытта Ауғанстанда жасырынуда делінеді.

Жуырда Пәкістан оның көзін жою үшін Кабулге әуеден соққы жасап, 30-ға жуық содырды жойғанын хабарлаған. Алайда, Мехсуд аман қалған деген ақпарат бар.

Ауғанстанда билікке келген Талибан режимін қазір Ресей бастаған бірнеше ел легитимді үкімет ретінде танып отыр. Мехсудтың Кабулді паналауы да осының салдары деп түсіндіріледі.

Ауған күштері Пәкістанның Құнар, Нангархар, Гильменд провинцияларындағы шекара бекеттеріне соққы жасаған.

Пәкістан тарапы жауап ретінде Ауғанстанның кемінде жеті провинциясына әуеден шабуыл жасауда.

Ұқсас жазбалар

АҚШ-та әуе шоуында екі жойғыш ұшақ соқтығысып кетті

АҚШ-тың Айдахо штатындағы әуе шоуында екі жойғыш ұшақ соқтығысып, құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Қазақстанда 18 мамырда ауа райы қалай болады: ыстық пен жаңбыр күтіледі

18 мамырда Қазақстанда ауа райы құбылмалы: оңтүстікте ыстық, солтүстікте жаңбыр күтіледі. Батыс Қазақстанда ауа температурасы…

Бірнеше өңірде ауа райы күрт нашарлайды: ТЖМ ескерту жасады

Қазақстанның бірнеше аймағында ауа райы күрт нашарлайды. ТЖМ тұрғындарды сақтық шараларын күшейтуге шақырып, ресми хабарламаларды…