Categories Саясат

Базарбек: Platonus жүйесі жекешеленіп, студенттерге қымбатқа түсіп жатыр

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек жоғары оқу орындарында кеңінен қолданылатын Platonus платформасына қатысты өткір сын айтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Депутаттың айтуынша, бұл жүйе іс жүзінде бір топ кәсіпкердің қолына өтіп кеткен. Соның салдарынан студенттер мен оқытушылар қосымша ақы төлеуге мәжбүр болып отыр.

«Platonus – бұл білім беру платформасы емес, коммерциялық жобаға айналды. Оны пайдаланғаны үшін университеттер лицензия сатып алады, ал бұл шығындар сайып келгенде студенттердің иығына түседі», – деді Базарбек.

Ол Парламент отырысында тиісті министрліктерге бұл мәселені тексеруді тапсыруды ұсынды. Депутаттың пікірінше, білім беру саласындағы цифрлық инфрақұрылым мемлекет меншігінде қалуы керек.

Ұқсас жазбалар

«Ауыл» партиясының кезектен тыс съезі өтті

«Ауыл» партиясының кезектен тыс съезі өтіп, партия төрағасы болып Қайрат Қапарұлы сайланды.

«Ауыл» партиясы кезектен тыс съезін өткізді

23 маусымда «Ауыл» партиясының кезектен тыс съезі өтті.

«Ауыл» партиясының жаңа төрағасы сайланды

«Ауыл» партиясының кезектен тыс съезінде Серік Егізбаев өкілеттігін тоқтатып, Қайрат Айтуғанов жаңа төраға болып сайланды.