Categories Шартарап

«Қала хикаялары» әдеби байқауы жарияланды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Мәдениет және ақпарат министрлігі жүлде қоры мол «Қала хикаялары» атты жаңа республикалық әдеби байқау жариялады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Проза жанрындағы байқау Қазақстан қалаларының өмірін көркем шығармалар арқылы бейнелейтін жаңа авторларды анықтауға және қолдауға бағытталған. Қатысушыларға қала мәдениеті, адам тағдыры, қоғамдағы өзгерістер, ұлттық болмыс пен заманауи құндылықтардың сабақтастығы тақырыптарын туындыларында көрсету ұсынылады.

Байқауға Қазақстан азаматтары қатыса алады. Әр автор бір ғана шығармасын ұсына алады. Қатысу үшін көлемі кемінде 10 авторлық баспа табақ (бір авторлық баспа табақ 40 мың баспа таңбасын құрайды) болатын, бұрын жарияланбаған қала тақырыбындағы романдар қабылданады.

Жеңімпаздарды белгілі жазушылар мен қоғам қайраткерлерінен құралған қазылар алқасы анықтайды. Қорытынды шешім ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

Үздік шығармалардың авторлары дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Жүлделі орын алған туындылар 15 мың данамен басылып, еліміздің кітапханаларына таратылады.

Жеңімпаздарға мынадай сыйақылар белгіленген:

Байқау жұмыстары 2026 жылғы қыркүйек пен желтоқсан аралығында қабылданады. Құжаттар Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 14-кіреберіс, Мәдениет және ақпарат министрлігінің мекенжайы бойынша өткізілуі тиіс.

Ұқсас жазбалар

Ұлттық домбыра күніне орай елімізде 2000-нан астам іс-шара өтеді

Ұлттық домбыра күніне орай Қазақстанның барлық өңірінде 2000-нан астам мәдени іс-шара өтеді. Оның ішінде концерттер,…

Астанадағы жаңа туристік нысандар 352 мың туристі тартты

2026 жылдың бірінші тоқсанында Астанаға келген туристер саны 12%-ға өсіп, 352 мыңнан асты. Жаңа туристік…

Мелания Трамптың деректі фильмі миллиондаған доллар табыс әкелді

Мелания Трамптың деректі фильмі кассалық табыс жағынан сәтсіз болса да, лицензиялық құқықтардан 10,71 млн доллар…