Президент: Түркі тілдеріне ортақ терминология керек

Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті басталды. Басқосуда Президент түркі тілдеріне ортақ терминологиялық негіз қалыптастыру қажеттігін айтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы түркі халықтарының ортақ тілдік мұрасын сақтау мен дамыту маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, терминологиялық бірлік түркі елдерінің арасындағы ынтымақтастықты нығайтады.

«Бізге ортақ терминдер мен ұғымдар жүйесін жасау керек. Бұл түркі тілдерінің ғылым мен технологиядағы орнын күшейтеді», – деді Президент.

Саммитте түркі мемлекеттері арасындағы экономикалық және мәдени байланыстарды дамыту мәселелері де талқыланды. Жиынға қатысушылар ортақ жобаларды жүзеге асыру жолдарын қарастырды.

Ұқсас жазбалар

Көктемгі шақыру науқаны аяқталды: 21 мыңнан астам азамат әскерге кетті

Қазақстанда көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны аяқталды. Жарты жылда 18 бен 27 жас аралығындағы…

Брайль қарпіндегі Конституция таныстырылды

Ұлттық кітапханада Брайль қарпімен басылған жаңа Конституция таныстырылды. Бұл бастама зағип және нашар көретін азаматтардың…

Жыл басынан бері 160-тан астам күдікті қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Жыл басынан бері ұйымдасқан қылмыстық құрылымдарға қатысы бар күдіктілердің топ құру, басшылық ету және қатысу…