Categories Жайық news

Пентагон Илон Масктың AI-ын қабылдады: «Әскер бұрынғыдан да қауқарлы болады»

Илон Масктың xAI компаниясы әзірлеген Grok чат-боты осы айдың соңына дейін Пентагонның ақпараттық жүйелеріне енгізілмек. Ол АҚШ Қорғаныс министрлігінің барлау деректеріне және басқа да ақпараттарына қол жеткізеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұл туралы АҚШ Қорғаныс министрлігінің өкілі Техастағы SpaceX штаб-пәтерінде сөйлеген сөзінде мәлімдеді. Оның айтуынша, мұндай технологиялар америкалық қарулы күштерді «бұрынғыдан да қауқарлы» етеді.

«Жақын арада әлемдегі ең үздік жасанды интеллект модельдері біздің ведомствоның барлық құпия емес және құпия желілеріне енгізіледі», — деді ведомство өкілі.

Масктың чат-боты Пентагонда бұрыннан жұмыс істеп тұрған, Google компаниясының Gemini моделіне негізделген GenAI.mil жүйесін толықтырады. Бұл платформа құпия емес, бірақ қызметтік маңызы бар кейбір деректерді өңдеуге қабілетті екені өткен айда белгілі болған.

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…